Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапхана әрдайым игі істің бастамашысы болып келеді. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған « Кітапхана. Даму. Көпвекторлы қызмет» тақырыбында онлайн digital сессия өткізілді. Кітапхана басшылары мен әдіскерлері қатысқан digital сессияда спикерлер жылдың өзекті бағыттарына, аналитикалық талдауына, онлайн форматта қызмет көрсетудегі қателіктері мен қиыншылықтарына, кітапхана үдерісін автоматтандыру бағытына тоқталды. Сонымен қатар, бірнеше аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлері ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерімен марапатталған болатын. Мәдениет саласы қызметкерлеріне деген құрметке кітапханашылар да дән риза.