Жарияланды: 31.07.2020

Инклюзивті қоғам құру жолында…

«Мемлекеттік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығы және өздерінің мүддесін қорғау бойынша заңгерлік кеңес жұмыс істейді. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқорлыққа және қорғаушылыққа алу мәселелері жөніндегі кұжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету үшін заңгерлік кеңес беріледі.
Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің нәтижесінде қызмет алушылардың динамикасында оң өзгерістер байқалып, ата-аналардың өтініші негізінде күндізгі бөлімдерге және коррекциялық білім беру мекемелеріне ауысып жатқан балалар көп.
Жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына құқықтық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік қызметтер бойынша кеңестер ұсынылып, «Ашық есік күні» өткізілді. Онда әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу — дамыта оқытуды жүргізу үшін ұсынылатын орынжайлар көлемінің орналасуы мен конфигурациясы бойынша көрсетілетін қызметтер таныстырылды.
2019 жылдың есебі бойынша, жалпы – 183 балаға, күндізгі бөлімде — 65 балаға қызмет көрсетілді. Сондай-ақ көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізінде қызмет алушылардың динамикасында оң өзгерістер байқалып, ата-аналардың өтініші бойынша 18 жасқа толып, коррекциялық білім беру мекемелеріне көптеген балалар ауысты. Соның нәтижесінде, бала саны 8,8% пайызға азайды», дейді   Шымкенттегі №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы К.АУАНАСОВА. Қызмет алушылардың заңды құқығы мен бостандығын сақтауға бақылауды күшейту мақсатында орталық бейнебақылау жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,68,74 баптарына сәйкес, кәмелетке толмаған жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін мемлекеттік тұрғын үй қорына тіркеуге тұрғызу жүзеге асырылуда. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 32, олардың 100 пайызы тұрғын үй кезегіне қойылған. Мұның барлығы да Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы инклюзивті қоғам құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы.

Шымкент келбеті

709 қаралым