Бал ара шаруашылығы көпшілік үшін елеусіз кәсіп сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ оның ерекше табысқа кенелтетін шаруаның бірі екенін атап өту қажет.
Осы орайда биыл Шымкент қаласы бойынша 16 мың
бал ара ұясын асылдандыру жұмыстарына мемлекеттен бір ұяға 5000 тг-ден барлығы 80 млн. тг қаржы бөлінді. Оның ішінде ЖК «Нормухамедов» 5000 бал ара ұясын асылдандыру жұмысына 25 млн.тг мемлекеттен субсидия түрінде қолдау алды. Өздеріңізге мәлім алдыңғы постта айтып өткенімдей бұл шаруашылық 2007 жылдан бері бал ара шаруашылығын дамытып, мемлекеттен қолдау (субсидия) алып келеді. Ерекше атап өту қажет, қазіргі таңда шығаратын өнім түрі тек бал ғана емес, шетелден асыл тұқымды аналық араларды алып келіп оларды көбейтіп, ара пакететтерін де (бір бал ара ұясы) сатылымға шығаруда. Жылына 100 тоннадан астам бал өндіруге қуатты. Бұл шырайлы Шымқаламыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуындағы бірегей жетістіктерінің бірі деуге болады. Бүгінгі күні Араб әмірлігі, Иран елдеріне және Еліміздің алыс-жақын өңірлеріне асыл тұқымды аналық аралардың өнімін (бал, ара пакеттері) сатуда. Сонымен бірге шаруашылық алдағы уақытта «Бал-Ара» Қазақстан ұлттық омарташыларының одағы және еліміздегі ғалымдардың қатысуымен қаламыздың инновациялық жобасын іске асыру, яғни селекциялық асылдандыру жұмыстары арқылы шет елден алып келінген аралық аналарды жерсіндіру арқылы жаңа ара түрін ойлап табуды жоспарлап отыр.
Жарияланды: 31.07.2020