Жарияланды: 31.07.2020

Талпынғанға табыс бар

Елімізде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында сұранысқа ие техникалық және жұмысшы мамандықтар бойынша азаматтарды оқытуға ерекше назар аударылуда. Көптеген жастарымыз еңбек нарығында сұранысқа ие, өз мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған кәсіби мамандыққа қол жеткізді. Осы орайда, Шымқала колледждерінде білім алып, өз жолын тауып, кәсіп иесі атанған студенттер жайында әңгімелеуді жөн көрдім. Ахметова Шапағат — Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің түлегі. Қазіргі таңда «Ахметова» ЖШС-нің негізін қалаушы, жеке кәсіпкер. Шапағат өзінің жеке кәсіпорнында 10 адамды жұмыспен қамтып, қыз жасауы мен құрақ көрпелерді жасап шығарады. Оның өнімдері Қазақстаннан тыс Америка Құрама Штаттары, Туркия, Израил сынды шет мемлекеттердің тапсырысына қарай экспортталады. Расында да, жастарымыздың замана ағымына сай өз кәсібін дөңгелетіп, жұртшылықтың сұранысына сай қажетті дүниелерді ұсына білгені көңіл қуантады.

735 қаралым