Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Ендеше бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел тізгінін қолға алар азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылады. Осы орайда Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінің тәрбие бағыты бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, ТМ 9-182 оқу тобының топ жетекшісі Ж.Қуанышбекова «Бала құқығы» тақырыбындағы топ сағатын қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша өткізді. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру, отбасы және балалық институтын қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Жарияланды: 31.07.2020