Жарияланды: 15.07.2018

Құйылған қаржы қайтарымды

Түркістан облысына былтыр 482 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 20,2 пайызға артық. Биыл да тартылған инвестиция көлемі қомақты. Өңірде әсіресе өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция қомақты. Ол 129 миллиард теңгені құрайды. Ал облыстағы аудандар ішінен Созақ ауданы озық тұр. Бұл өңірге 31 миллиард 578 миллион 700 мың теңге инвестиция құйылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға жоғары. Жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі өткен жылы 242 миллиард теңгені құрады. Ауданға инвесторларды көптеп тарту және олардың инфрақұрылым мәселесін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында 50 гектар жер телімін құрайтын индустриалды аймақ құрылған. Бұл өндіріс аймағында әзірге бес жоба жүзеге асырылып жатыр. 95 жаңа жұмыс орны ашылған. Биылғы жылы Созақта тағы бірнеше жоба жүзеге асырылады. Салыхан Полатов, Созақ ауданының әкімі: «Ауданымызда үш жаңа жобаны қолға алып отырмыз. Құны 50 миллион доллар тұратын күн сәулесінен электр энергиясын өндіру. Соның жақын арада құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Таскөмір сай кен орнында көмірден басқа өнімдер шығару. Алтын-күміс өндіретін өндіріс орнын іске қосу. Ол да – үлкен инвестиция».

24.кз

1 260 қаралым