Инфекциялық аурулар азайып келеді. Шымкенттік инфекционист -дәрігерлер коронавирус індеті дендегелі қалада өзге жұқпалы аурулардың бәсеңдегенін айтып отыр. Биылдыққа тырысқақ, құтыру, дифтерия, сальмонеллез аурулары тіркелмеген. Жылда осы уақытта бруцелез бен минингит аурулары ушығып, халықтан да, ақ халаттылардан да маза қашатын. Биыл бұл сырқаттардың төмендегені байқалады. Мұның барлығы да медицина сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін тер төгіп жүрген ақ халаттылардың арқасы. Алдағы уақытта дәрігерлер өзге де қауіпті инфекцияның алдын алу үшін аянбай тер төкпек.
Жарияланды: 03.08.2020