Жарияланды: 05.08.2020

ШЫМКЕНТ; 1430 ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ 800-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІГЕР ОНЛАЙН-КЕҢЕС БЕРЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласында Провизорлық және инфекциялық стационарлар бойынша бүгінде қалада 2810 төсек-орын бар (инфекциялық төсек — 650, провизорлық төсек – 2160), оның ішінде бос төсек-орын саны 2087 құрайды.

Бұдан бөлек, мамандардың айтуынша 211 мобильді топ ұйымдастырылып, олар 17 820 науқастың үйіне барып медициналық қызмет көрсеткен. Әр емханаға қосымша бір топтан жедел жәрдем көлігі жеткізілді.
Сондай-ақ, 53 182 адам дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Тегін берілетін дәрілік заттарды медицина қызметкерлері үйлеріне жеткізіп берді.
Қазіргі уақытта дәрігерлер 1430 платформасы арқылы онлайн кеңес беріп жатыр. Онда 720 дәрігер тіркелген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

602 қаралым