Жарияланды: 06.08.2020

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛЫП НАВИГАЦИЯЛЫҚ СТЕЛАЛАР ОРНАТЫЛУДА

«Мәдени астана» аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында Туризм басқармасы тарапынан қаланың ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатылып жатыр.

Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн.

Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі — Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Алдағы уақытта бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқындар келе жатқан Шымкент үшін бүгінде шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді. Алдағы уақытта туристердің тартымдылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылмақ. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

635 қаралым