Жарияланды: 06.08.2020

ШЫМКЕНТ: 2000 АДАМ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУДАН ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 1-ші бағыты тиімді жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шараларына қатысуға 2000 адам өтініш білдіріп, олар еңбек нарығында сұранысқа 21 мамандық бойынша білімдерін жетілдіруде.
Жалпы, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуларды қаламыздағы 32 білім беру мекемесі жүзеге асыруда.

Шымкент қаласы әкімдігі
халықты жұмыспен қамту орталығының
баспасөз қызметі

566 қаралым