Жарияланды: 06.08.2020

Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін…

Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы мен Сыпырган ата көшелерінің қиылысы қаладағы күрделі қиылыс болып саналады. Осыған байланысты, көлік кептелесі мен жол апаттары да жиі орын алып жатады. Осыған орай, қалалық әкімдік тарапынан көше қиылысына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бағдаршамның жұмыс цикліне өзгеріс енгізілуде. Яғни, жол айрығынан (развязка) шыққан көліктерге басымдылық берілді. Ең бастысы, жобаның мақсаты – жолаушылардың қауіпсіздігін арттырып, кептелісті азайту. Тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныс, тілек назардан тыс қалмайды. Бұл өз кезегінде әлеуметтің әлеуетін арттыруға да сеп. Жол белгілері, жол кедергілерін қою туралы қала тұрғындары көптеп ұсыныс айтуда. Өз кезегінде жауапты мекеме арқылы зерделеніп, тұрғындардың талап тілектері орындалуда.

684 қаралым