Жарияланды: 06.08.2020

Көпір құрылысымен танысты

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов  қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды ұдайы бақылауда ұстайды. Атқарылып жатқан жұмыс барысын тексеріп, кем-кетіктерді жөндеуге нақты тапсырма жүктейді. Құрылыс басына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды зерделейді. Мақсұт Исахов, қала әкімінің орынбасары: «Шымкент қаласына қарасты Елтай елді мекеніндегі су тасқынынан кейін шайылған көпірдің орнына Найзатас көшесіндегі көпірдің және көшенің орташа жөндеу жұмыстарын бақылап, жұмысшылармен кездесіп, мәселелерін тыңдап қайттым. Сондай-ақ, бәріміз көріп жүрген қала ішіндегі маңызды жолдардың бірі Төлеби, Түркістан, Жангелдин, Жібек жолын және Байтұрсынов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарының басында болып, жағдайды бақылап қайттым. Бұйыртса, жақын күндері жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілмек. Жалпы биыл 260 нысанды жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның 140 көгесі қазіргі таңда аяқталып, 120 жолға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде».

699 қаралым