Жарияланды: 06.08.2020

Өтеміс ауылына таза су жүйесі тартылды

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданына қарасты Өтеміс ауылында биыл қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Ауылға таза су жүйесі тартылды. Ескі арыққа жаңа бетон канал түсіп жатыр. Сонымен қатар биыл ауылдағы кіре берістегі Жандарбеков көшесіне асфаль жол салынды. Жаяу жүргіншілер үшін тротуар да қарастырылған. Құрылысы қайнаған жұмыстарға ең алдымен ауыл тұрғындары риза. Тақтайдай түзу жолмен жүріп, қауіпсіз аяқ жолдың салынғанына ризашылықтарын білдіруде. Қала орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерді де ұмыт қалдырылмай, жолы жөнделіп, инфрақұрылымы тартылып жатыр.

1 332 қаралым