Жарияланды: 06.08.2020

Тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жобасы талқылануда

Алдағы уақытта Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқынды үлес қосатын көптеген жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің әлеуметтік парақшасында мәлім етті. «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру бойынша алғашқы кезең жұмыстарына кірісіп кеттік. Сала мамандырымен бас қосып, тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру үшін жер телімдерін бөлуге өтінім беру және инфрақұрылым жұмыстары бойынша іс шара жоспарын талқыладық. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынан 2000 гектарға қарқынды бау егу бойынша және Шымкент қаласы аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында қала аумағында гүлзарлар құру үшін «Асар» мөлтек ауданындағы жылыжай кешендерінде «Біржылдық гүлдер» өсіру бойынша жылыжай иелерінің ұсынысын тыңдадым. Карантин кезінде қаламыздың көркейіп, дамуы үшін арнайы жобалар мен жұмыстар тоқтап жатқан жоқ. Әсіресе, кәсіпкерлерімізде кризиске қарағанда, жаңа леп, жаңа идеялар туындап жатқанын байқаймын. Бұл біздің бұл сынақтан да бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызды айқындайды».

654 қаралым