Жарияланды: 15.07.2018

Қолдаудың арқасында тірлігі түзелді

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы жүгері егумен ерекшеленген аймақ. Биыл бір ғана Қарғалы ауылдық округінде 1350 гектар жерге жүгері дақылдары егілген. Қазір кәсіпкерлер  ғалымдармен және білікті аграномдармен бірлесіп еккен егіннің өнімін жинауға кірісті. Ал, шикізатты жергілікті жердегі индустриалдық аймаққа өткізуде. Нәпақасын жер анадан айырған отырарлық кәсіпкерлердің биыл көңілдері тоқ. Талай жылдан бері сортаңданып, тұздалған жерлерге дренажды жүйені енгізіп, егістік екті. Алынған өнім көңіл көншітерлік.  Алдағы уақытта бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатуды көздеп отыр. «Отырар дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 370 гектар жерге жүгері еккен болатын. Диқандар енді аз ғана уақытта кейіні дәнді-дақылды ору науқанына кірісетін болады. Биыл гектарына 120-130 центнерден өнім түсуі мүмкін. Шаруалар мемлекет қолдауына иек артуының арқасында тірлігі түзелді. Ісі ілгеріледі. Шаруалар үшін барлық жағдай қарастырылған. Орылған дәнді дақылды жергілікті жердегі индустриалдық аймаққа өткізуде. Шикізат арнайы қоймада ұзақ мерзім сақталып, өндіріс ошақтарына жөнелтілетін болады.

 

П. Биназарқызы

1 279 қаралым