Жарияланды: 10.08.2020

Медицинаның сапасын арттыру үшін…

Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады. Мәселен, кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Жұқпалы ауруларға байланысты провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77 пайызға азайды. Қазіргі қалыпты нормада 1420 төсек-орындық 10 провизорлы стоционар және 2 инфекциялық аурухана жұмыс істеуде. Егер науқастар саны көбейсе «Б» нұсқасына, ал ахуал тым ұшықса «С» нұсқасына көшу жоспары бар. Шымкенттік дәрігерлер медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін жұмыла жұмыс істеуде. 

616 қаралым