Жарияланды: 10.08.2020

Шымкентте тағы бір провизорлық орталық жабылды

Шымкентте тағы бір провизорлық орталық жабылды. 1 айдан астам уақыт ішінде 458 науқасты айықтырған стационар енді жұмысын тоқтатады. Дәрігерлер дертке шалдыққандарды қандай тәсілмен емдеп жазды? Қазір олардың жағдайы қалай? 

Самал-3 мөлтекауданында мектеп ғимаратында орналасқан провизорлық орталық ағымдағы жылдың 29 маусым күні өз жұмысын бастаған бастаған болатын. Онда бүгінге дейін 458 науқас ем алып, құлан таза айығып шықты. Індетпен ауырғандар үшін 21 дәрігер, 59 орташа және 19 кіші медқызметкер үздіксіз жұмыс істеді. Олар өткен 1 айдың оңайға соқпағанын айтады, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

 

Орталық 400-адамға арналған 4 сектордан түрады. Ақ халаттылардың айтуынша, дәрі-дәрмек қоры жеткілікті болған. Мұнда науқастарға барлық жағдай жасалған. Қазір қалған 5 тұрғынды емдеу үстінде. Мұнда  алғашқы болып ауыр жағдайда түскендердің бірі – Вероника Пряникова. Ол өзінің жағдайының жақсарғанын айтып, дәрігерлерге алғысын да жеткізді.

Вероника Пряникова – қала тұрғыны

Мен мұнда 29 маусым күні келіп түстім. Жағдайым өте ауыр еді. Дәрігерлердің арқасында аман қалдым. Олар мені арғы өмірден қайтарып алды  десем де болады. Алғысым шексіз. Қазір өзімді жақсы сезінемін.

Осылайша бүгінде орындары қаңырап тұрған орталық соңғы науқастарын үйлеріне шығармақ. Мектеп ғимараты босатылған соң толықтай дезинфекциялық тазартудан өтеді. Дәрігерлер медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыруда аянбай тер төгуде. 

620 қаралым