Жарияланды: 15.07.2018

Жаңа технологияның тиімділігі көп

Бүгінде Түркістан облысында жылжыай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Шалғай шеттегі аудандарға дейін қысы жазы балауса өнімді жайқалтып өсіріп отыр. Арыс ауданында жылыжай өсіруді 25 соттықтан бастаған жеке кәсіпкер Р. Кенжебаевтың шаруашылығы бүгінде қарқынды даму үстінде. Кәсіпорын төрағасы 2,5 гектар болатын жылыжай көлемін күз айында 5 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.  Өткен жылы жылыжайдан 50 тонна қызанақ, 25 тонна қияр жиналған болса, бүгінгі күнге 2 га жерге егілген қызанақтан 85 тонна өнім жиналды. Ал  600 гектар жерді жаңбырлату әдісімен суғарып отырған «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС-і де дамудың даңғыл жолына түскен. Жаңа технология арқылы шаруалар  ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін де арттыруға болатыны белгілі болып отыр. Ақдала ауылдық округінде орналасқан серіктестік биыл өзіне қарасты егістік жерлерді игеру үшін Германияның BOUER компаниясынан шыққан жаңбырлатып суғару әдісін қолданып отыр. Оның әрқайсысы бір орында 60 гектар жерді суғаруға мүмкіндігі бар.  Шаруашылық құны 67 мың еуро тұратын құрылғының 7 данасын алып, іске қосқан. Жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі өте көп. Мәселен,  үлкен жерлерді суғаруға тиімді, екіншіден  су үнемделіп, жұмыс күші көп қажет етілмейді. Үшіншіден бір мезгілде суғарылып, тегіс мол өнім алуға мүмкіндік туады.

1 132 қаралым