Жарияланды: 11.08.2020

ШЫМКЕНТ: ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДАҒЫ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМ ТӨСЕК-ОРЫН БОСАДЫ

Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда.

«Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық орындар жұмыс істеді. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19 пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады» — деп хабарлады Т.Вазилов.

Медициналық мекемелер тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. Дәрігерлер медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында атқарған жұмыстарының арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізуде. 

Сондай-ақ, 11 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны 3865-ке жетті.

Айта кету керек, елде жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

646 қаралым