Жарияланды: 11.08.2020

Білім биігінен көрінді

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп -лицейі Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде алдыңғы шепте десек артық айтқандық емес. Білім бесігінің ұстаздары оқушылардың жан жақты дамып, білімдерін жетілдіруі үшін тер төгуде. Нәтижесі де жоғары. Аталмыш мектеп оқушылары өткен оқу жылын қашықтан білім алып қана қоймай, көптеген онлайн сайыс,байқауларға қатысып, түрлі білім платформаларымен жұмыс жасады. Daryn.online платформасы тапсырмаларын орындап, 7 ж сынып оқушысы Ергешова Диана жүзден жүйрік жүздікке енді. Сол жеңісіміздің жемісі бүгін Абай күнімен бірге келіп қуантуда. Халқымыз «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, бағыт- бағдар беріп отырған мектеп ұстаздарының еселі еңбегі мен оқушылардың мақсатқа берік қабілеттері деп білеміз. Еліміздің кемелді келешегі жастарымыз білімді, болашағы жарқын болуы үшін мектеп – лицей ұстаздары аянбай тер төгуде.

620 қаралым