Жарияланды: 11.08.2020

Сүт өңдейтін зауыт салуды жоспарлап отыр

Шымкент қаласында бүгінде мал бордақылаумен, сүт өндірумен айналысатын кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Қаланың нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы ірі кәсіпорындар да баршылық. Қалаға қарасты Сайрам елді мекеніндегі мал бордақылау және тауарлы сүт өнімін өндірумен айналысатын «Бәйтерек Агро» АӨК кешеннің жалпы аумағы 300 гектарды құрайды. Оның 14 гектары қоражай орналасқан. Мұнда қазір 1300 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы мен 200 бас сауынды сиыр бар. Бүгінде кешен кәуап, қазы секілді 10-ға жуық ет өнімін тапсырыспен жасайды. Сондай-ақ, тәулігіне 4 тоннаға дейін сүт өндіріп, құрт, сүзбе, айран секілді сүт өнімдерін жасайды. Бұдан өзге күніне 50 бас ірі қара малды союға мүмкіндігі бар. Кешенде жалпы саны 200 адам жұмыс жасаса, әр ауысымда 60 жұмысшы кезекпен түседі. Алдағы уақытта «Бәйтерек Агро» АӨК басшылығы сүт өңдейтін зауыт пен ет комбинатын салуды жоспарлап отыр.

657 қаралым