Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды.
Ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және «Ескі қалашық» кешенінің маңызды нысандарымен танысты.
Сонымен қатар, тур аясында қонақтар «Қылует» бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен танысуға, сондай-ақ қыш өнері бойынша шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алды. Туризмнің қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуына қосар үлесі қомақты екенін ескерсек, келешекте цитадель шетелдік туристердің қызығушылығын тудыратын орынға айналары сөзсіз.
Айта өтейік, бұған дейін ескі қалашық аумағына гид-экскурсоводтарға арналған тест-тур ұйымдастырылған болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі