Жарияланды: 11.08.2020

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби аудан аумағында 33 спорт алаңшасы орнатылған. Олардың ішінде тозығы жетіп, жаңартуды қажет ететіндері де бар. Бұл жұмыстар бойынша ауданда қызу жұмыстар жүруде.
– Ағымдағы жылы 18 спорт алаңшасын жаңарту мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары барысында тозығы жеткен қоршаулар, қақпалар толығымен жаңартылып,балаларға ыңғайлы болу үшін жасанды газон төсеу жұмыстары қарастырылған, — дейді Әл-Фараби ауданы әкімі Ғабит Мәуленқұлов.
Жауапты басшы аталған жұмыстар келісімшартта көрсетілген мерзімге сәйкес атқарылуда екенін жеткізді.

Шымкент келбеті

 
629 қаралым