Жарияланды: 18.07.2018

«Жасыл экономикаға» көшіріледі

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың Нобель сыйлығының Лауреаты Рае Квон Чунг мырза және Оңтүстік Кореялық ғалым Ю Дже Чеон мырзамен кездесуі барысында Түркістан қаласының дамуына және қаланың қалдықтарын қайта өңдеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға баса назар аудару ұсынылған болатын. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АИО алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «жасыл экономикаға» көшу аясында көшбасшы елдердің тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізіп, өңірдің жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторлар және сарапшылармен кездесулер өткізуде. Осы орайда, «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» МҚҰ басшылығы жылдың маңызды оқиғаларының бірі Халықаралық «Global Silk Road» Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері форумына қатысты. Форум барысында перспективалық экологиялық технологиялар және экологиялық тұрақтылық бойынша қызу талқылау жүргізілді. Талқылауға жаһандық Нобель сыйлығының лауреаты Раэ Квон Чунгпен қоса  инвестициялық және инновациялық жобаларды басқару саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты. Өз сөзінде Раэ Квон Чунг Түркістан облысына барған кезде аймақпен жан-жақты танысқандығын және «Жібек Жолының Супер желісі» жобасын іске асыруды дәл осы аймақтан бастау әбден мүмкін екендігін айтты. Өйткені, облыс климаттық ахуалы және Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне барған кезде профессордың өзі куә болған ғимараттардың ғасырлық жерасты тәжірибесімен өте қолайлы. Өз кезегінде «ОҢТҮСТІК» АИО Басқар төрағасының орынбасары Ақмарал Қансейіт қазіргі кезде «жасыл экономикаға» көшу мақсатында Қазақстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Германия және басқа елдердің компанияларымен және инвесторларымен бірлесе бірқатар «жасыл» жобаларды жүзеге асыру жоспарланғандығын жеткізді. «Жобаларды іске асыра отырып, біз Түркістан аймағын Қазақстандағы жасыл хабқа айналдырамыз, ол экономиканың барлық секторларын, оның ішінде бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін электр қуатына байланысты агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қамтамасыз етеді», — деді А.Қансейіт. Түркістан қаласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы және циркуляциялық ресурстарды басқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу мәселелері әрі қарай Кохла Ярве (Эстония) қаласының мэрі Людмила Янченко, G-Global Business Portal дан Х.З.Барабанер және Д.Цыро, сондай ақ, Еуразия Ұлттар Ассамблеясының (Үндістан) тең төрағасы Синь Далбир мырза, Eventi Kazakhstan (Италия) дан Элизабетта Лафранки және Ichi қорының негізін қалаушы және төрағасы, «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының вице-президенті (Норвегия) Торби Вестбимен өткізілген кездесулер мен келіссөздерде жалғасын тапты.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 070 қаралым