Жарияланды: 14.08.2020

Оқулықтар мазмұнының ерекшеліктерін таныстыру мақсатында вебинар өтті

Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес  тамыз кеңесі аясында өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен педагогтерді 2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін оқулықтар мазмұнының ерекшеліктері және тұжырымдамасымен таныстыру мақсатында «2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілген оқулықтардың тұжырымдамасы және мазмұны ерекшеліктері» тақырыбында ZOOM ПЛАТФОРМАСЫНДА әдістемелік вебинар өтті. Вебинарға оқулықтардың авторлары мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру бағытында шымкенттік ұстаздар қауымы біліктілікті арттыратын түрлі вебинарлар ұйымдастыруда. Мұндай сабақтардың берері көп дейді білім бесігінің шырақшылары. 

670 қаралым