Жарияланды: 14.08.2020

Жедел жәрдем көліктері инновациялық технологиялармен жабдықталған

Шымкент қалалық «Жедел медициналық жәрдем көрсету» стансасының жаңа халықаралық форматтағы Call орталығы 6 тамызда бөлек ғимаратта ашылып, жұмысын бастаған. Мұнда диспетчерлер 103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылай алады. Қазір тәулігіне Call-орталыққа 1100 шақырту түседі. Барлығы 5000-нан астам қоңырау қабылданады. 4 ауысымда барлығы 1400 диспетчер қызмет етеді. Бұл орталық ашылғалы қоңырау қабылдау орындары 15-тен 30 орынға дейін көбейген. Нәтижесінде қала тұрғындары еш кедергісіз 103-ке хабарласа алады. Орталықтағы қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы қолданылады. Біріктірілген жүйе арқылы операторлар 10 секунд ішінде шақыртуды бригадаға бағыттайды. Сондай-ақ, ақпараттық жүйенің көмегімен Шымкент қаласының картасы бойынша мекен-жайларды іздеу, көлік бағыттарының карталарын қадағалау, күту уақыты, қозғалыс жылдамдығы және т. б. сияқты операцияларды туралы мәліметтерді автоматты түрде бақылауға болады. Шақырту жүрген мамандардың жұмысын бақылау үшін барлық 100 жедел жәрдем көлігіндегі қызметкерге 100 жаңа планшет берілді, — дейді Шымкент қаласының Жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Шолпан Оспанова.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкенттегі Жедел жәрдем автокөлігі инновациялық технологиялар қолданылған, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Атап айтқанда, заманауи көліктерге сыртқы кардиостимулятор мүмкіндігі бар 100 дефибриллятор мен 100 өкпені жасанды желдендіру, 100 реанимациялық портативті рюкзактар мен 12 каналды 100 электрокардиографтар (ЭКГ) орнатылған. 

Сондай-ақ, 100 стационарлық және 100 портативті оттегі беру жүйесі, реанимациялық бригадаларға жүрек массажына арналған 4 автопульс, педиатриялық бригадаларға жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған 4 инкубатормен жабдықталған

BAQ.kz

816 қаралым