Жарияланды: 14.08.2020

Қалыпты жұмыс режиміне көшкен

Шымкенттегі “Асар” шағынауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасы бүгінде қалыпты жұмыс режиміне көшкен. Айта кетейік, аталған жұқпалы аурулар орталығында коронавирус және пневмония дертінің ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алады. Бүгінде мұнда барлығы 224 қызметкер жұмыс істейді. Оның 33-і жоғары білікті медицина маманы. Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген орталық дәрігерлері күні-түні аянбай еңбек етуде. Медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін тер төгіп жүрген ақ халаттылардың еңбегі орасан. Орталық 200 орынға лайықталған. Қазір жұқпалы аурулар госпиталінде 70 науқас ем алып жатыр.

660 қаралым