Жарияланды: 15.08.2020

Басты мақсат — білім беру ұйымдарында жұмысты жандандыру

Шымкент қаласы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша шілде айында білім беру ұйымдарында құрылған қамқоршылық кеңес жұмысына мониторинг жүргізді. Мониторинг қорытындысымен Шымкент қаласы білім басқармасымен бірлесе 2020 жылдың 10 тамыз күні «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында құрылған қамқоршылық кеңес жұмысының жүргізілу барысы» тақырыбында видео семинар-кеңес өтті. Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру.
Видео семинар-кеңеске Шымкент қаласы білім басқармасының мамандары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен қамқоршылық кеңестің хатшылары қатысты. Білім беру сапасын арттыру басты мақсаты болып табылатын ұстаздар қауымы қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру барысын жан жақты талқылады.

 

679 қаралым