Жарияланды: 15.08.2020

Шымкенттегі мамандандырылған жалғыз мекеме

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов әлеуметтік желіде жазбасымен бөлісті. «Жуырда жұмыс барысында спорт басқармасына қарасты «Шымкент қаласының дәрігерлік дене шынықтыру диспансері» КММ–нің жұмыс барысымен таныстым. Біздер әдетте спортшыларды дайындайтын бапкерлердің еңбегін елейміз де, үнемі денсаулығын бақылауда ұстап, қажетті ем-домын жасайтын, психологиялық қолдау көрсететін осы кісілердің еңбегін ескерусіз қалдырамыз. Диспансер 2018 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушыларды дәрігерлік бақылау және оңалту, медициналық қамтамасыздандыру мақсатында құрылған. Шымкенттегі мамандандырылған жалғыз мекеме. Мұнда мамандар медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында да жұмыс жасайды. Сала мамандарының айтуынша, онда жыл сайын жоспарға сәйкес 13000 оқушы, оның ішінде қалалық БЖСМ және ОРМБЖСМ, ОДО, ОРДО, ЖСШМ, параолимпиадалық спорт түрлері өкілдері тереңдетілген медициналық тексеруден өтіп отырады. Сонымен қатар, ҚР олимпиадалық ұлттық құрама мүшелері, Әлем және Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары да жаттығу үдерісінің барлық кезеңдерінде диспансер мамандарынан кәсіби медико-биологиялық көмектер алады».

742 қаралым