Жарияланды: 18.08.2020

Үздік түлектер білім биігінен көрінді

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №89 мектеп-лицей үздік шәкірттерімен танымал оқу ордасы. Биыл аталмыш мектептің 17 түлек грант иегері атанды. Түлеп ұшар шәкіртінің биікке самғағанын қалайтын ұстаздар қауымының да, мектеп үшін де айтулы күн… Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі анықталып, мектептен 17 грант иегері шықты. «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері де өз біліктіліктері мен білімдерін дәлелдей біліп, мемлекеттік гранттарға қол жеткізді. Мақсаты мен арманы, жоспары анық, қадамы нық, көздегені нысанасын әрдайым жадында ұстайтын шәкірттеріміз еліміздің түкпір-түкпірлерінде өз білімдерін ары қарай жетілдіреді. Жыл сайын Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында ұстаздар қауымы оқушылардың білім сапасына баса мән беріп келеді.

734 қаралым