Жарияланды: 18.08.2020

Спорт алаңшаларының құрылысы жүргізілуде

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №98 жалпы орта білім беретін мектебі 2020-2021 оқу жылыны дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 1,2 млн тенге қаржы қарастырып толығымен игерілді. Мердігер «Жолсерік» ЖШС сеніп тапсырылған жұмыстарын толығымен әрі сапалы аяқтап тапсырды. Жылыту жүйесін жөндеуге 350 мың тенге қаржы қарастырылып, «Petro Building Group» ЖШС жеіңпаз атанып, жұмыстарын сапалы әрі толығымен аяқтады. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп нәтижесінде 100% қамтылуда. Жалпыға бірдей білім беру қорынан қазіргі таңда 93 оқушыға 30000 тн көлемінде бір реттік қаржылай көмек берілді, қосымша 25 оқушыға қарастырылуда. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың АКТ құралдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында мектептен уақытша пайдалануға 16 ноутбук және 10 стационарлық компьютер, сонымен қатар интернет желісіне мұқтаж 10 отбасыға Қазтелекоммен келісім шартқа тұрып телефон номерлері берілді.
Басқарма тарапынан заманауи 6 компьютер алынды, алдағы уақытта тағыда алу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда мектеп аумағында жабдықталған спорт алаңшаларының құрылысы жүргізілуде, жұмыс қыркүйек айының бірінші онкүндігінде аяқталады. 100 комплект парта алынды және орнату жұмыстары жүргізілуде.
Ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, мектеп ауыз сужүйесіне қосылды.
Мектепте 2020-2021 оқу жылына қазақ және орыс Бірінші сыныптары ашылып, оқушыларды EGOV және SAKURA бағдарламасы арқылы қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Одан басқа Мектепалды дайындық топтары да ашылып тәрбиеленушілерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Қашықтықтан оқуға байланысты санитарлық жағдайларды, ережелерді сақтай отырып ата-аналардың өтініштері негізінде 1 сынып оқушыларын мектепке кестеге сай бөліп шақырып оқыту жоспарланып отыр. Жалпы алғанда аталмыш мектеп ұстаздары білім беру сапасын арттыруға сақадай сай. 

872 қаралым