Жарияланды: 21.07.2018

Жылыжай кешені табыстың көзі

Облыс орталығы атанған Түркістанды  алда ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Өңірдегі қай саланы алсақ та  киелі шаһардың дамуын жеделдету керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапархан Омаров Түркістанға қарасты бірқатар елдімекендерді аралап, тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Басқосуда депутат Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мемлекет басшысының ағымдағы жылы қабылдаған маңызды құжаттары туралы сөз етті.Елбасы тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қадағалау жұмыстары басталып кетті. Мәжіліс депутаты алдымен, аграрлық салаға қатысты мәселелерді екшеді. Биылғы сессияда қабылданған Заңдар мен шарапаты мол мемлекеттік бағдарламалардың бағытын түсіндірді. Руханияттың ордасы Түркістанның одан әрі рухани жаңғыру жолында еңбек етуге шақырды. Осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті.Киелі жердің тұрғындары өз кезегінде  депутатқа көкейдегі мазалаған сұрақтарын қойып, шешілуіне ықпал етуді сұрады. Бұдан бөлек, мәжіліс депутаты ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Мәжілісмен Сапархан Омаров бұдан бөлек, Шаға ауылдық округінде орналасқан «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжай кешеніне де барды. Бүгінде іргелі кәсіпорынға айналған «Ерасыл» шаруа қожалығы облыстың экономикасын ілгерілетуге де қомақты үлес қосып келеді. Заманауи технологияны меңгеру табысты кәсіптің көзі екенін айтты.

М.ӘСЕМБЕК    

1 073 қаралым