Жарияланды: 19.08.2020

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта егілді.

Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар.

Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 түп көшет өсірілуде.

Сала мамандарының айтуынша, биыл саябақтың жабайы ормандарын тазалау бойынша кезең-кезеңімен жоспар құрылған болатын. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айы аралығында 5,3 гектар аумаққа санитарлық тазалық жүргізіліп, Төлеметов көшесіндегі ормандар қалпына келтірілген. Дендросаябаққа алты ай ішінде 101 578 адам келген. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстар орасан. 

Айта кетейік, «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жалпы жер көлемі 129,37 гектарды алып жатыр. Оның ішінде Қошқар-ата учаскесі 12,33 га. Дендросаябақ флорасы 5 географиялық аймаққа бөлінген: Шығыс Азия, Орта Азия — Қазақстан, Солтүстік Америка, Қиыр Шығыс-Сібір, Европа Қырым-Кавказ.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

707 қаралым