Жарияланды: 19.08.2020

Әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудан аумағына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабының тұрғындарымен интернет мәселесі бойынша кездесті. Кездесуге цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Алибеков келіп, Көкбұлақ тұрғын алабына ең жақын орналасқан, яғни Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында орналасқан телемұнараны 1 қыркүйекке дейін модернизациядан өткізіп, қосымша Kceel, Теле-2, Beeline операторларының базалық станциясын орнатып, толық интернет желісімен қамтамасыз етілетіндігін мәлімдеді. Аталмыш ауданда әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. 

801 қаралым