Жарияланды: 19.08.2020

Спорт алаңшалары сапалы әрі заман талабына сай салынған

Шымкент қаласы биыл қайнаған құрылыс алаңына айналған болатын. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, спорт алаңшалары салынып, ел игілігіне берілді. Бүгін Қаратау ауданына қарасты «Нұрсәт»,» Қайтпас», «Мирас» шағынаудандары, Таскен, Достық тұрғын үй алабы мен Қайнарбұлақ саяжайындағы барлығы 10 ашық спорт алаңшаларының құрылысы толық аяқталды. Бұл нысандардың құрылысын «Алем строй-1» ЖШС -і жүргізді. Осы он нысанның бәріне жергілікті бюджеттен 213 млн.теңге қаралған. Халықты салауатты өмірге жетелейтін спорт алаңшалары сапалы әрі заман талабына сай салынған. Халықтың игілігіне пайдалануға берілген спорт нысандарына көпшілік дән риза.

1 247 қаралым