Жарияланды: 19.08.2020

Педагогикалық кеңес өткізілді

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Абай ауданы №49 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020 жылғы 19 тамыз күні сағат 13:00 де мектеп ұжымымен ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде » 2020-2021 оқу жылында оқу процестерін ұйымдастыру» тақырыбында жалпы педагогикалық кеңес өткізілді.
Мақсаты — короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерімен, білім беру сапасын арттыру туралы  педагогтарды хабардар ету. Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтылды. Білім ордасы биылғы жаңа оқу жылына қызу дайындыққа кіріскен. Мектеп директоры А.А. Сарыбасов және директор орынбасарлары педагогикалық кеңестің отырысын қашықтықтан өткізді.

826 қаралым