Жарияланды: 20.08.2020

Провизорлық орталықта 150-ден аса науқас дертінен айығып шықты

Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиялогиялық ахуал кезінде Психикалық денсаулық орталығының ғимаратында 70 орындық провизорлық орталық ашылған болатын. Осы орталыққа түскен науқастарды емдеп жазу үшін 50 қызметкер тәулік бойы халыққа медициналық көмек көрсетті. Провизорлық орталықтың негізгі жұмысы пневмонияға шалдыққан (белгісіз этиологиядағы) науқастарды қабылдау, сол науқастарға алғашқы жанжақты медициналық көмекті ұйымдастыру және емдеу болып табылды. Пневманияға шалдыққан науқастардан осы ауыруға алып келген негізгі қоздырғышы қандай себептерден болып жанқанын анықтау мақсатында ПТР (полимеразная цепная реакция) анализдері алынып, оң нәтиже көрсеткен жағдайда инфекциялық стационарларға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Дәрігерлер медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін аянбай тер төкті.

Жалпы орталық маусым айының 29 жұлдызынан бастап шілде айының 20-шы жұлдызы аралығында жұмыс атқарып 153 науқасты емдеді. Осы науқастардың ішінде COVID-19 вирусы 9-науқастан анықталып ол науқастар арнайы инфекциялық стационарларға ауыстырылды. Орталықта жасалынған негізгі емдік іс шаралар оксигенотерапия, антикогулянттар, пневманияның негізгі қоздырғыштары болып табылатын вирусқа және бактерияға қарсы қолданылатын дәрілік заттар (антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар), дене қызуы кезінде қолданылатын дәрілік заттар қолданылды.

Серик Мыңбаев

676 қаралым