Жарияланды: 20.08.2020

Бағалау жүйесі басты назарда

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №75 мектеп – гимназиясында 20 тамыз күні қашықтық форматында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы болып өтті.  Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі. Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:

Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, Білім беру сапасын арттыру, Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны, Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу, Жаңа оқужылында білім алушыларды  бағалау жүйесі, Баланың оқу режимі және демалысы,  Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады, Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер, Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру болып табылады. Аталған сұрақтар бойынша әр сынып жетекші өз сыныбымен жиналыс өткізіп, мәселелерді талқылады. Ата-аналар өз кезегінде мектеп ұжымын , ұстаздарды Жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

695 қаралым