Жарияланды: 21.07.2018

Қарқынды бау шаруашылығының қарқыны жоғары

Елбасы Жолдауы, «5 әлеуметтік бастама» — ел білуі тиіс негізгі құжаттар. Бағдарламаны барша халыққа насихаттау үшін Түркістан облысына зге мәжілісмендер арнайы келді. Сапар барысында депутаттар еңбек ұжымдарының өтініштерін тыңдап, Парламентте атқарылған жұмыстарды да саралай өтті. Түлкібас ауданына барған Фахриддин Қаратаев «Көктал» шаруа қожалығында болып, ондағы тыныс-тіршілікпен танысты, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. «Көктал» шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. Содан бері жергілікті 30 азамат тұрақты түрде жұмыс істейді. Маусымдық жұмыс кезінде еңбеккерлер саны 220-ға дейін жетеді. Бүгінде бұл қожалық қарқынды бау егуге бел шеше кіріскен.  Жадыра Жақып – «Көктал» шаруа қожалығының іс басқарушысы «Алма бауын еккенімізге 2015 жылдан бері 3-ші жыл. Биыл енді өзі бірінші жыл урожай болып отыр. Общий көлемі 260 гектар алмамыз бар. Суармалы бәрі. Биыл енді 30-40 пайыз алма аламыз деп отырмыз»Дихандармен кездескен мәжілісмен негізгі мәселелерге баса назар аударды. Биылдан бастап, қарқынды бау егуге берілетін субсидия тоқтаған. Бұл бау шаруашылығымен белсене кіріскен дихандарға аз да болса, кедергі. Өйткені, өнімнің өзіндік құны мен нарықтағы бағасының қымбат болуына тікелей әсер етеді.  Түлкібастықтар осы орайда  жаңғақ өсіруге де ден қойған.  Нұрбол Тұрашбеков — Түлкібас ауданының әкімі «Түлкібас ауданында алманы сонымен қатар жаңғақты дамытуға біршама жұмыстар атқарылуда. 3077 гектар ескі және жаңа бауымыз бар.Қарқынды баудан 120 гектар жоспарымыз бар.Оны орындаймыз». Алынған өнімді қоймаларда сақтай алсақ, қысқы мерзімде тиімді бағамен сатуға мүмкіндігіміз бар дейді жергілікті билік. Бұған дейін  12 мың тонналық 4 қойма болса, биыл тағы да 1700 тонна жеміс сақтау кешені іске қосылмақ.

 

993 қаралым