Жарияланды: 20.09.2020

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

Осыдан алты жыл бұрын қалаға қосылған шалғайдағы елдімекендерде инфрақұрылым жүйесі жақсарып келеді. Солардың бірі – Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Игілік және Жаңаталап тұрғын алаптары. Онда қазір сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бірқатар жолдар да жөнделу үстінде.

Талай жылдан бері ауызсудың азабын тартқан Игіліктіктер үшін таза суға қол жеткізетін күн алыс емес. Бүгінде тұрғын алапта ауызсу жүйесі тартылуда.  Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде, аудандағы Жаңаталап, Игілік,  Қызылжар,  Тәуелсіздікке — 20 жыл, Көкбұлак тұрғын алабындағы 3500-ге жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жеткізеді, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.

 

Сондай-ақ, тұрғындар тікелей эфирде қала әкіміне тұрғын алапта қоғамдық көлік жағынан қиындықтар барын жеткізді. Қалаға қатынайтын автобустардың аздығы әуреге салатындығын айтты.

 

Ал, Жаңаталаптық жұрт аймақта инфрақұрылым жүйесінің бір жүйеге түскеніне разы. Қала аумағына қосылғалы су, газ, көшелердегі асфальт мәселелрі оң шешім тапты, — дейді олар.

 

695 қаралым