Жарияланды: 20.09.2020

ДОСТЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРДЫ

Бүгінде қала шетіндегі шағынаудандардың инфрақұрылымдық жағдайы жақсарып келеді. Елдімекендерге сапалы ауыз су тартылып, жарықтың мәселесі біртіндеп шешімін табуда. «Достық» шағынаудан тұрғындарының көгілдір отынға қол жеткізер күні де алыс емес, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.

Сәрсенбай Қожамқұловтың «Достық» шағынауданына көшіп келгеніне 3 жылға жуықтапты. Мұнда  келгелі ауыз судың азабын тартып, жарықтың мәселесі жанды қинады дейді. Бұл іске қала әкімі Мұрат Әйтенов тікелей бақылау жасаған соң, жанданған жұмысқа тұрғандардың көңілдері тола бастаған. 

Мемлекет тарапынан шағынауданға инфрақұрылым жүйелері тартылып жатыр. Бұйыртса, бірер айда  таза ауыз су беріледі деп жоспарлануда.

 

Шалғайдағы шағынауданның көгілдір отын мәселесі шешілетін күн де алыс емес. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстарының биылға межелеген бөлігі аяқталыпты. Бас аяғы 873 миллион теңгеге жоспарланған жұмыс нәтижесінде 2625 абонент табиғи газға қосылады деп күтілуде.

 

Достық шағынауданында бос жатқан жерлер баршылық. Қожайындары үй салу үшін инфрақұрылым жүйесінің қолбайлау болып отырғандығын айтады. Ал, осында құрылыс жүргізіп жатқан мердігер мекемелер мұнын бәрін де ұмыт қалдырмаймыз дейді.

1 191 қаралым