Жарияланды: 23.09.2020

Cапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Басты талап – құрылысты сапалы орындау әрі жоспарлы аяқтау.
Бүгінде Абай ауданына қарасты «Ынтымақ-2» шағын ауданының батыс бөлігінде құрылыс жұмыстары қолға алынған. Ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары «Компания Ахмет» ЖШС және «Мелиоратор» ЖШС мекемелері тарапынан жүргізілуде.
Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов құрылыс барысымен танысып, жұмысты сапалы әрі уақтылы орындалуын тапсырды. Сондай-ақ, қыс мезгілінде жауын-шашындарда тұрғындарға қолайлы болуы үшін қазылған көшелерді қалпына келтіруін міндеттеді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
667 қаралым