Жарияланды: 25.09.2020

Жол жөндеу жұмыстары 75 пайызы орындалды

Бүгінде Шымкент қаласы алып құрылыс алаңына айналған. Көпқабатты үйлерден бөлек, жолдар күрделі, орташа жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы орайда Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөндеуден өтуде.

Атап айтқанда, асфальтбетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу мен жауын-шашын суын өткізетін кәріздер орнату қарастырылған. Бүгінгі таңда жұмыс 75 процентке орындалды.

Шұрық тесігі көп көше бүгінде тақтайдай түзу жолға айналған. Жүргізушілер дән риза. 

 

Бас мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС-і орташа жөндеу жұмыстарын қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

 

660 қаралым