Жарияланды: 25.09.2020

Отбасы құндылығын арттыру бағытында тер төгуде

 
Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы  отбасы және балалық институтын қолдау бағыты бүгінде басты назарда. Осыған орай көптеген жұмыстар атқарылуда. 
 
Медиаторлар да отбасын сақтау, отбасы құндылығын арттыру бағытында тер төгуде. Медиаторлардың білім-біліктілігін арттыру – уақыт талабы. Шымкент қаласының аудан аумақтарында аудандық соттың судьялары ауыл билерімен, медиаторлармен кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналған болатын. Соңғы жылдары медиаторлардың жұмысы жанданып келеді.
Еңбекші аудандық сотының төрағасы А.Сұлтанов медиация саласына зор үлес қосқаны үшін Еңбекші ауданының ауыл билерін Алғыс хаттармен марапаттады. Айдос Едігеұлы төбе және ауыл билерін 2020 жылдың 9 айында нәтижелі жұмыстар атқарғанын атап өтті.
Жұлдыз аумағы бойынша төбе биі Оразалы Маханов – биыл даулы мәселелерді сотқа дейін жеткізбей шешуде көзге түскендердің бірі.
Оразалы Әнуарұлы Жұлдыз аумағында орналасқан тұрғын алаптардағы ауыл билерімен бірігіп жұмыс атқарады. Тұрғындардың өзекті мәселелерін уақтылы шешуге, халық арасындағы ынтымақтықты және ұлтаралық достықты нығайтуға ықпал етті. Тұрғын алаптағы тұл жетім, жартылай жетім және аз камтылған отбасыларды анықтап, тізімін жасады.
Бадам-2 тұрғын алабы бойынша қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, мектеп, бала-бақша, жол салу, газ құбырларын тарту, көшені жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал жасады. Сондай-ақ, дау- жанжалдарды шешу жұмыстарына араласып, жыл басынан бері 10 тұрмыстық, отбасылық дау жанжалды шешкен.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
667 қаралым