Жарияланды: 29.09.2020

ЖАСТАР ЖАҢА БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШАРАПАТЫН КӨРУДЕ

Бүгінде мұғалім мәртебесін көтерумен қатар, педагогқа қойылар талап та қатаң. Оқытушы білімін бағалау үшін Шымкенттегі оқу ордаларында «HR Procees» жүйесі қолға алынған. Бұл жоба жұмысқа тұрушының қабілетін анықтайды. Жаңа жүйемен жұмысқа қабылданғандардың басым бөлігі түйіндемесін сыртқа шықпай-ақ, электронды жүйеде жіберген. Мұның барлығы да білім беру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жемісті жұмыстардың бірі, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. 

Нұрабай Мадинаның мамандығы-математик. Жұмыс таппай жүрген жас маман әлеуметтік желіден «HR Procees» жүйесі жайлы ақпаратты көрген.  Бастапқыда түйіндемесін қалдырған ол тез арада жұмысқа шақырту алды.  Қазір  №30 мектепте жоғарғы сынып оқушыларына дәріс беруде.

 

Конкурстан жеңімпаз атанған тағы бір  жас маман Назерке Алиакбар. Ол, қазіргі таңда онлайн форматта  оқушыларға информатика пәнінен дәріс беріп жатыр. Айтуынша, бұл жоба жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік.

 

Бүгінде  жоба бойынша №30 мектепке 5 жас маман жұмысқа кірген. Олар қазіргі таңда оқушыларға өз мамандықтары бойынша сабақ беруде. Мектеп директоры бұл бағдарлама білікті маман табудың таптырмас жолы,-дейді.

Оқу орын басшылары жаңа жүйенің тиімділігін сезініп үлгерген. Бағдарлама арқылы кадр тапшылығының алдын алған. Сонымен қатар, педагог білігін де саралап әуре болмаймыз,-дейді басшылық өкілдері.

802 қаралым