Жарияланды: 30.09.2020

Шымкентте тағы бір гүлзар салынып жатыр

Шымкент күннен күнге көркейіп келеді.  Тозығы жеткен көше жолдары жөнделіп, ескірген көпқабатты үйлердың қасбеті жаңалануда. Сонымен қатар, қалалықтардың тынығатын сүйікті демалыс орындары керемет гүлзарлармен толығуда, деп хабарлайды «Отырар.кз».

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты 8-ші шағынауданындағы мына аумақта гүлзар пайда болады. Шаң тозаңы шыққан нысанда техникалардың көмегімен көгал отырғызуға жеткізілген топырақ тегістеліп жатыр. Жобалық -сметалық құжат бойынша мұнда жаяу жүргіншілер жолы да, демалатын орындықтар да қарастырылған.

Жұмысшылар 90 -жылдардан қараусыз қалған аймақты қоқыстан тазалау оңайға түспегенін айтады. «Екі жеті бұрын бастауын алған құрылыстың осындағы тұрғындарға ыңғайсыздық тудырып отырғанын түсінеміз, сәл сабырлық танытса қарашаның соңына дейін гүлзарды пайдалануға тапсырамыз»,- дейді олар. Ал осы маңайда тұратындар құрылыстың аяқталуын тағатсыздана күтуде.

Шымкент республикалық маңызды қала мәртебесіне ие болғаннан бері қала аумағында өзгеріс көп. Жасыл қала атауына лайықты болу бағытында жұмыстар қарқын алып, демалыс орындарының қатары толығып жатқаны қуантады,- дейді шымкенттіктер.

959 қаралым