Жарияланды: 30.09.2020

Кәсіпорынды жаңғыртуға 2 млрд. теңге инвестиция жұмсалды

Қаладағы коммуналдық мекемелер жылу беруге дайындықты қызу жүргізуде.

«3-Энергоорталықтағы» мына құбырлар мен жабдықтар қаланы бірнеше жылдан бері жылытып келеді. Маусым жақындаған сайын мұнда жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Себебі, жауапты қызметкерлер ешқандай кемшілікке жол бермеуі тиіс.

Мұның барлығы алдағы жылу маусымына дайындық. Өндірістің жүрегі болып табылатын  бұл  бөлмеде газ, ауа, бу және оның құбырларға жетуі осында реттеледі. Жүйе толық жаңартылмаса да барлық жұмыс барысын бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Отырар.кз».

«3-Энергоорталық»АҚ цех бастығы Жансерік Ерботаевтың айтуынша, бүгінде орталықтағы екі  турбогенаратордың бірі жұмыс істеп, екіншісі  жылу маусымы басталғанда іске қосылады.

Жоспар бойынша жыл сайын ескірген жабдықтар жаңаланып тұрады. Кәсіпорынды жаңғыртуға 2 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. Бүгінгі таңда екі турбогенераторда күрделі жөндеу аяқталып, биіктігі 180 метр түтін құбырындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Өндіріс орны шахарды жылумен ғана емес, электр энергиясымен де қамтиды.

Бауыржан БАИМБЕТОВ, «3-Энергоорталык»  АҚ  аға инженері: «Инвестициялық іс-шараларды іске асыру көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, отын шығынын азайтуға, негізгі және қосалқы жабдықтардың  беріктігін және  тұтынушыларға жеткізілетін жылудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді».

«3-Энергорталығы» 40 жыл бойы үздіксіз қаланы жылу және электр энергиясымен қамтып келеді. Жаз мезгілінде станцияның қуаттылығы 80 мегаватты құрайды. Айта кетейік, негізгі отын- табиғи газ. Жылу берушілер қалалықтарды сапалы үздіксіз қызметпен қамту үшін барын салып жатыр.

630 қаралым