Жарияланды: 30.09.2020

Жүрек қағысын тексертуге мүмкіндік алды

Шымкенттік ақ халаттылар демалыс күні дендропаркте ашық есік күнін өткізді.

Шымкенттік Кәрілбек Әбденов демалыс күндері дендросаябаққа келуді әдетке айналдырған. Ал, бүгін жігіт ағасы таза ауда жүріп қана қоймай, жүрек қағысын тексертуге де мүмкіндік алды. Қаладағы кардиология орталығының ұйымдастырған акциясына қатысқан ол мұндай шаралардың жұмысбасты шымкенттіктер үшін аса қажет екенін айтады, деп хабарлайды «Отырар.кз».

Айта кетейік, қыркүйектің 29-ы дүниежүзілік жүрек күні. Дәл осы атаулы күнге орай әлемнің 100 елінде тұрғындар жүрегін тексеру акциясы ұйымдастырылған. Шарадан шымкенттік кардиологтар да қалыс қалған жоқ. Дәрігерлер медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін аянбай еңбек етіп жүр.  

 

774 қаралым