Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында ауыл және мал шаруашылығы жақсы дамыған. Тек ауданды ғана емес, облысты да жеміс-жидек, азық түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге потенциалы жетеді. Статистикалық басқарма мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта ауданда 32 өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 6 орта, 20 шағын және 6 қосалқы шаруашылық. Оның ішінде азық-түлік өнеркәсібіндегі 6 кәсіпорын «FoodMaster-Шымкент компаниясы» ЖШС, «Ақмаржан LTD» ЖШС, «Ақкұм Астық» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Бағдаулет-1» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Әсел» өндірістік кооперативі бүгінде тек елімізде ғана емес, өнімдерін шетелдерге де экспорттай бастады. Ал машина жасау, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды өңдеу өнеркәсібінде 2 кәсіпорын «ЛМЗ» ЖШС, «Гульсан» ЖШС ілкімді істер атқаруда. Бүгінгі күні тас өрге домалаған құрылыс саласына қатысты материалдар өндіру секторындағы 4 кәсіпорын «Ленгер қыш» ЖШС, «СтройЛитЮг» ЖШС, «Занғар-2003z» ЖШС, ЖБИ зауыты өндірісін қарқынды жүргізуде. Жеңіл өнеркәсіпте 2 кәсіпорын «Len-Tex» ЖШС, «УПП КОС» ЖШС), 1 компания мұнай өңдеуде («Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС) айналысады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 12 млрд 837,0 млн теңге инвестициялар тартылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңмен саластырғанда 138,1 пайызды құрады. Оның ішінде бюджет есебінен 6 259,1 млн теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 5 870,4 млн теңге. Аудан экономикасын ілгерілетуге мол үлес қосып отырған кәсіпорындар алдағы уақытта да өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Жарияланды: 22.07.2018