Жарияланды: 21.10.2020

9 мобильді топ қызмет көрсетті

Шымкент қаласындағы №1 қалалық емхана қызметкерлері COVID-19 пандемиясына қарсы ауқымды жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі таңда №1 қалалық емхана — 44 667 қала тұрғынына медициналық қызмет көрсетеді. Емханамызда 27 учаскелік дәрігер және барлық жеке сала мамандары жұмыс атқарады.

Емханада диагностикалық бөлім жұмыс атқаруда, оның ішінде (R, ФГ, УДЗ, ЭКГ т.б.) бар. Қажет еткен жағдайда ауру көрсеткіштеріне байланысты мысалыға КТ, МРТ, ПЦР-ге келісімшарт бойынша жолдамамен тегін тексерілімге жіберуге мүміндік бар.
Наурыз айынан бері емхана қызметкерлері ауқымды және ілкімді жұмыстар атқарды. Атап айтар болсақ, қаламыздағы маңызды трассалардағы блок-посттарда қала тұрғындары мен қонақтарының дене қызуын өлшеп, карантиндік шараларды қатаң сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, провизорлық стационарларда қызмет атқарып, науқастанған азаматтардың жедел сауығып шығуларына септігін тигізді. Дүниені дүрліктірген дерттің бетін қайтару үшін күн, түн демей тынымсыз тірлік атқарды.

Емханада тіркелген тұрғындарға медициналық қызметкерлерден құралған 9 мобильді топ қызмет көрсетті. Оның құрамында дәрігерлер, орта буынды медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер бар.

Мобильді топтың — міндеті емханаға тіркелген немесе емханаға қарасты аймақ бойынша науқастардың үйіне барып, ем-шара тағайындап, пульсоксиметрмен сатурациясын өлшеу, қажет еткенде рентгенографияға жолдау, сонымен қатар, тұрғындарға онлайн кеңес беру, қажет еткенде жеке салалы мамандармен онлайн кеңес ұйымдастыру, диспансерлік бақылауда тұратын созылмалы аурулары бар азаматтарға тегін дәрі-дәрмек жеткізу, үйде анализдер алу, ауруханадан емделіп шыққан науқастар болса динамикасында бақылау болып табылады. Кеңес беру барысында қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама таратылуда. Еңбекке жарамсыздық парағын ашу, создыру онлайн кеңес арқылы жүргізілді. Емханаға келу барынша азайтылуда, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілеріне, емхана сайтына дәрігерлердің мобильді телефон номерлері, емхананың анықтама номері салынып, өзгерістер болса жаңаланып тұрады. Бұл өз кезегінде емханада тіркелген азаматтарға көп көмегін тигізуде.

Ең бастысы алдын-алу шараларын қатаң бақылау қажеттігін ескерткім келеді.
Ол дегеніміз:
Ең бастысы адам көп шоғырланған жерлерге бармау, 1,5-2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде тағып, жиі ауыстыру, қолды сабындап жуу.

Егерде өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда (мысалы, дене қызуыңыз көтерілсе, әлсіздік, жөтел, және тағы басқа) жедел түрде өз учаскелік дәрігеріңізбен, медбикеңізбен хабарласып, үйге шақырту жасаңыз. Өздігіңізден, үй жағдайында емделуге болмайды, барлық уақытта учаскелік дәрігеріңізбен хабарласып кеңес алу қажет. Ең бастысы өз денсаулықтарыңызбен қатар өзгенің де денсаулығына қатер тудырмау жағын қаперден шығармаған жөн.

Сол мақсатта емханаға кірер алдында келушілер дезинфекциялы туннель арқылы өтіп, дене қызуын өлшеп, қолды антисептикпен жуғаннан кейін учаскелік дәрігеріне кіру жұмыстары ұйымдастырылған.

Егерде дене қызуы көтеріліп немесе ЖРВИ клиникалық белгілері байқалған жағдайда науқас бірден сүзгі (фильтр) бөлмесіне жолданып, сонда дәрігерлердің кеңесі ұйымдастырылып, шешімін табу тездетіледі.

Сондықтан да емханаға келместен бұрын мобильдік қосымша арқылы алдын-ала жазылу немесе онлайн кеңес беру функциясы бар соны қолдануларыңызға болады.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша: дәрі-дәрмек, вакцинация, анықтама, денсаулықтарыңызға байланысты сұрақтар туындап жатса аймақтық дәрігер, м/с-мен байланыста болуларыңызды сұранамын. Сонымен қатар, емхана сайтында немесе тіркеу орны, Колл-орталыққа пациенттерді қолдау мәселесі бойынша жауапты мамандармен хабарласып тұруларыңызға болады.

Махамбет Бейсеуов,

ШЖҚ №1 қалалық емхана МКК-ның бас дәрігері

632 қаралым